Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

СҚО-да ахуал тұрақтанып келеді, алайда су тасқынының екінші толқыны бар

СҚО-да ахуал тұрақтанып келеді, алайда су тасқынының екінші толқыны бар

СҚО-да су тасқынына қатысты жағдай біртіндеп тұрақтанып келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте СҚО ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев айтты.

«Есіл, Қызылжар аудандарының елді мекендерінде және Петропавл қаласында су баяу болса да кетіп жатыр. Су тасқынының екінші толқыны күтілуде. Оны біз Сергеев су қоймасына қарап байқап отырмыз. Қазіргі уақытта су бөгет шыңынан 2 м 93 см асты, тәулігіне 18 см артқан», - деді СҚО ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Спикер биылғы антирекорд 4 м 25 см екенін атап өтті.

Су тасқыны басталғаннан бері облыста 3419 үйді су басты, қазіргі сәтте 173 үйден су кетті. Облыс бойынша 3223 үй және 1115 үй маңындағы аула суда тұр. Жалпы облыс бойынша 14388 адам эвакуацияланды, олардың 3596-сы — бала. Бүгінгі күнге, 705 адам үйлеріне оралды, оның 184-і — бала.


Дереккөз: inform.kz