Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

7 жасар жерлесіміз шахматтан әлем чемпионы атанды

7 жасар жерлесіміз шахматтан әлем чемпионы атанды

Қазақстан шахмат федерациясының мәліметінше, 2024 жылдың 26-28 сәуір аралығында Адриатика теңізінің жағасында орналасқан Албанияның Дуррес қаласында кадеттер арасындағы жылдам шахматтан (рапид және блиц) әлем чемпионаты өтті. 40-қа жуық елден келген жас шахматшылар үш жас санатында бақ сынасты.

Жарыста Қазақстанның атынан 22 жас спортшы бақ сынады. Алтын медальды рапидте сегіз жасқа дейін бақ сынаған Әлиша Бисалиева иеленді. Сондай-ақ блицтен "күміс" медаль иелеген.
Ақтөбелік Нұралы Нұршин де күміс медаль жеңіп алды. Түркістаннан Нұрислам Сұлтанхан, Ақтөбеден Ханзада Аманжол және Астанадан Әлімжан Жауынбай қола медаль иегері атанды.


Дереккөз: alash.kz