Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Апта соңына дейін бір реттік өтемақы төленіп бітуі тиіс

Апта соңына дейін бір реттік өтемақы төленіп бітуі тиіс

Су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу осы аптаның соңына дейін аяқталуы тиіс. Премьер-министр Олжас Бектенов зардап шеккен азаматтарға залалды өтеу мәселесі бойынша кеңес өткізіп, осындай тапсырма берді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Жиында қаржы министрі Мәди Тәкиев пен өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың баяндамалары тыңдалды. Қазір зардап шеккен 3 мың 561 отбасына жоғалған мүлкі үшін 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы түрінде шамамен - 1 млрд теңге төленді. Баспанасынан айырылған тұрғындардың өз таңдауы бойынша жаңа үйлер салынады немесе нарықтан дайын баспана сатып алынады.


Фото: azattyq-ruhy.kz