Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде компьютер құрастыру көлемі 4,4 есе артқан

Елімізде компьютер құрастыру көлемі 4,4 есе артқан

Елімізде компьютер мен ноутбук құрастыру көлемі бір жылдың ішінде 4,4 есе артқан. Бұл туралы Energyprom.kz ресурсының сараптамасында айтылған.


«Қазақстанда компьютер мен ноутбук өндірісі бір жылда 4,4 есе артып, 2024 жылдың қаңтары мен ақпанында 6,1 мың данаға жетті. Бұл — 2013 жылдан бергі ең үлкен көрсеткіш. 2013 жылдың қаңтары мен желтоқсанының арасында сектордағы өндіріс көлемі 83,4 мың дана болған еді. 10 жыл өткеннен кейін бұл көрсеткіш 11,7 мың ғана болды» деп жазылған сараптамада.

Материал авторы бұл мәлімет ресми статистикада отандық өндіріс ретінде сипатталғанымен іс жүзінде құрастыру көлемі ғана екенін ескертеді.

«Ресми статистика деректері бойынша қазақстандық зауыттар 2023 жылдың 12 айында есептеуші цифрлық машиналарға ішкі сұраныстың 23,2%-ын қамтамасыз еткен. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 21% болатын. Ашығын айтайық, Қазақстанда сатылған әрбір төртінші компьютер отандық өнім дегенді елестету қиын. Біз ол жағына тоқталмаймыз, тек ұлттық статистика бюросы берген ресми деректерді ұсынып отырмыз»
деп жазады Energyprom.kz.


Фото: Kazinform