Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

6 мыңға жуық қазақстандық мәйіттік донор болуға ниетті

6 мыңға жуық қазақстандық мәйіттік донор болуға ниетті

6 мыңға жуық қазақстандық қаза тапқаннан кейін ағзасын донорлыққа беруге ниет білдірген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті.

Ведомство дерегінше, кейінгі 10 жылда елімізде 2500-ден астам ағза трансплантациялау операциясы жүргізілген. Алмастырылған ағзаның 83 пайызы тірі донордан алынса, 17 пайыз жағдайда қайтыс болған адамдардың органы қолданылған. Қазір Қазақстанда 4 мыңға жуық адам ағза трансплантациясына зәру. Олардың басым бөлігі - жастар мен еңбекке қабілетті азаматтар. Донорлар мен реципиенттердің бірыңғай тізіміндегі отандастарымыздың - 3 мың 735-і бүйрек, 185-і бауыр, 144-і жүрек, 16-сы өкпе алмастыруды қажет етеді. Елімізде 18-ге толған, дені сау, кез келген азамат донор бола алады. Ол үшін «Egov» порталы арқылы электронды түрде немесе емханаға барып келісім беруге не бас тартуға болады.


Фото: www.gov.kz