Астана - 101,4FM

Олжас Бектенов Астана контрреттегішінің жағдайын тексерді: жағдай тұрақты

Олжас Бектенов Астана контрреттегішінің жағдайын тексерді: жағдай тұрақты

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек және Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановпен ағымдағы су тасқыны жағдайын тексерді.


Астаналық контрреттегіште судың ағуы қазір секундына 30 текше метрді құрайтыны баяндалды. Контрреттегішке келіп жатқан ағын секундына 248 текше метрді құрайды.

Бүгінгі таңда контрреттегіштің су ағызу қабілетін секундына 40 текше метрге дейін арттыру жоспарланып отыр.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметтері бойынша, ахуал тұрақты және ұдайы бақылауда, Астана қаласын су басу қаупі жоқ.

Астана қаласы мен Ақмола облысының әкімдігі жақын маңдағы елді мекендер мен қалаларды су басудың алдын алу бойынша бірлескен жұмыстар жүргізуде.