Астана - 101,4FM

Аты аңызға айналған футболшылар Астанада ағаш отырғызды

Аты аңызға айналған футболшылар Астанада ағаш отырғызды

Астанада республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аты аңызға айналған футболшы Коло Туре мен Фадига Халилу көшет отырғызды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елімізге футболдан жас өрендерді іріктеу мақсатында «Super bol» жобасына арнайы келген Коло Туре мен Фадига Халилу Астана қаласындағы Қазақстан футбол федерациясы аумағында көшет отырғызу акциясына қатысты.

«Қазақстанға футбол жобасына арнайы қонақ ретінде бірінші рет келдім. Тек жасыл алаңда ғана емес, қаланың экологиясын сақтау мақсатында ұйымдастырылған акцияға қатысқаныма өте қуаныштымын. Бұған дейін де көптеген қалаларда болдым. Ал Астананың өзіндік әдемілігі бар. Тазалығы бір жолға қойылғаны көрініп тұр. Бастысы мені сыйлап, шақырғандарыңызға қуаныштымын!» - деді кезінде «Арсенал», «Манчестер Сити», «Ливерпуль» сапында доп тепкен футболшы Коло Туре.


Фото: gov.kz