Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Астана-Теміртау жолында жылдамдық режимі 140 км/сағ дейін ұлғайды

Астана-Теміртау жолында жылдамдық режимі 140 км/сағ дейін ұлғайды

ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы «Астана-Теміртау» автомобиль жолында жылдамдық режимі өзгеретінін хабарлады.

Әкімшілік полиция комитетінің 26 сәуірдегі ұйғарымына сәйкес «Астана-Теміртау» автомобиль жолының 1305-1327 шақырымы аралығындағы учаскеде (Бабатай кентінен — Аршалы кентіне дейінгі учаске) жылдамдық режимі 120-дан 140 км/сағ дейін ұлғайды.

«Алайда „Астана-Теміртау“ ақылы жолының Аршалы кенті учаскесі жанындағы ұзындығы 4 шақырым болатын („Екатеринбург-Алматы“ республикалық маңызы бар автожолының 1327 шақырымынан +350 м 1331 шақырымына +450 м дейінгі аралық) көлік айрығында 120 км/сағ дейін жылдамдыққа шектеу қойылғанын ескертеміз. 2023 жылдың мамыр айында Аршалы аудандық полиция бөлімшесі сол учаскенің 1305-1327 шақырымы аралығында жылдамдық режимін 140 км/сағ-тан 120 км/сағ дейін азайтқан болатын. ҚазАвтоЖолдың ақылы автомобиль жолдары дирекциясы филиалы аталмыш жол учаскесі 1-А „Автомагистраль“ санатына жататынын және ережеге сәйкес автомагистральдарда қозғалыс жылдамдығы 140 км/сағ екенін хабарлайды» деді компаниядан.


Фото: zakon.kz