Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ел біріншілігінде Жамбыл облысының көкпаршылары жеңімпаз атанды

Ел біріншілігінде Жамбыл облысының көкпаршылары жеңімпаз атанды

Қызылорда қаласында көкпардан ересектер арасындағы Қазақстан біріншілігі мәресіне жетті. Біріншілік барысында Жамбыл облысының құрамасы жеңімпаз атанды. 20-27 сәуір аралығында өткен ел біріншілігіне 16 облыстан 200-ге жуық көкпаршы келді.


Аса тартысты, қызықты өткен жарыс нәтижесінде Жамбыл облысының құрамасы жеңімпаз атанды. Екінші орын Алматы облысына бұйырса, үздік үштікті Түркістан және Қостанай облысы түйіндеді.

Ел біріншілігінде үздік қорғаушы, шабуылшы, ойыншы, сәйгүлік анықталды. Сондай-ақ, жеңіске деген жігері үшін құрамалар марапатталды. Оған қоса үздік төрешіге құрмет көрсетілді. Олардың барлығына ақшалай сый-сияпат көрсетілді.

Республикалық Көкпар федерациясы президенті Бауыржан Исабаев Қызылорда облысының Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшылығына, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.


Дереккөз: inform.kz