Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Су тасқыны: үйіне оралғандар саны 40 мыңға жуықтады

Су тасқыны: үйіне оралғандар саны 40 мыңға жуықтады

Су тасқынымен күресте ел бойынша 17 мыңнан астам адам мен 2 мыңға жуық техника жұмылдырылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Асқар Шәріп мәлім етті.

«Республика бойынша 7 089 жеке тұрғын үй мен 2 834 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды, 39 352 адам үйіне оралды және 6 552 адам эвакуациялау пункттерінде қалып отыр. Су тасқыны бастағалы 13,1 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,6 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді», - деді Асқар Шәріп Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Тасқын сумен күреске 17 мыңнан астам адам, 2 мыңға жуық техника, 291 су сору құралы, 203 жүзу құралы және 7 әуе кемесі жұмылдырылды.

Дереккөз: inform.kz