Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Наурыз. Бүгін жаңа ипотекалық бағдарламаға өтінім беру басталды

Наурыз. Бүгін жаңа ипотекалық бағдарламаға өтінім беру басталды

Бүгіннен бастап «Наурыз» жаңа тұрғын үй бағдарламасына өтінім беру басталды. «Отбасы банк» ресми парақшасы Baspana Market жылжымайтын мүлік порталында (otbasybank.kz) «Наурыз» бағдарламасына қатысуға қалай өтінім беру керектігі жөнінде нұсқаулығын жария етті.

Өтінімдерді қабылдау 25 сәуірден 30 маусымға дейін жалғасады.


«Наурыз» бағдарламасының шарттары:

  • бастапқы жарна 20%;
  • тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме-7% (ЖЭС 7,3%-дан 8,9%-ға дейін);
  • азаматтардың барлық санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме-9% (ЖТПМ 9,3%-дан 11,8%-ға дейін);
  • несие мерзімі 19 жылға дейін.

Алматы, Астана, Шымкент және облыс орталықтарында тек бастапқы тұрғын үй сатып алуға болады. Моноқалалар мен ауылдарда жылына бөлінетін қаражаттың жалпы көлемінің 30%-нан аспайтын қайталама тұрғын үй сатып алуға болады.


Бағдарлама 8 жылға бағытталған. Жыл сайын «Наурыз» бағдарламасына 200 млрд теңге бөлінеді.

Жалпы осы уақыт ішінде Қазақстанның 68 000 азаматын өз тұрғын үйімен қамтамасыз ету жоспарлануда. Биылғы жылы қоныс тойын 12 мың қазақстандық тойлай алады.

Бұдан бөлек өтінім беру уақыты мен күні маңызды емес екенін айта кеткен жөн. Банк салымшылары екі ай бойы «Наурыз» бағдарламасына қатысуға өтінім беруіне болады.


Дереккөз: baq.kz