Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Нидерландта індетке қатысты жаңа шектеулер енгізілді

Нидерландта індетке қатысты жаңа шектеулер енгізілді

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Швеция Корольдігінің Сыртқы істер министрі Анна Кристен Линдемен келіссөздер жүргізді. Министр әріптесін Швецияның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына алдағы төрағалық етуімен құттықтап, қазақстандық тараптың ұйымға төрағалық ету тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін жеткізді. Тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісімді іске асыру аясында белсенді өзара іс-қимыл жасауға дайын екендіктерін білдірді.

***

Елімізде 16 мыңнан астам шетелдік азамат жұмыс істеп жүр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 1 қыркүйегінде жасалған дерек бойынша Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға 16 мың 378 рұқсат бар. Онң 637-сі бірінші санатқа, 3481-і екінші санатқа берілген. Шетелден маман тартуға арналған рұқсаттардың басым бөлігі үшінші және төртінші санаттарға қатысты болып отыр. Сондай-ақ, маусымдық жұмыстарға - 1792, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде 1698 адам тартылған. Қазіргі уақытта елде шет елден жұмыс күшін тартатын 1803 жұмыс беруші бар. Еңбек мигранттары Қытай - 3579 адам, Өзбекстан - 1774, Түркия - 1 661, Үндістан – 1266 және Ұлыбритания – 1081 елдерінің азаматтары

***

Қостанай қаласының тұрғындарының салық қарызы 60 млн теңгеден асты. Бұл туралы Қостанай облысының жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының өкілдері айтты. Салық төлемей жүргендердің дені – автокөлік иелері. Сонымен қатар мүлік салығы 24 млн теңгеден асса, қостанайлықтардың мемлекеттік қазынаға қарызы 5 млн теңгеге жеткен. «Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері мен сот орындаушылары борышкерлердің үйлеріне рейд жүргізе бастады. Біз салық төлеуден жалтарып жүргендерді іздейміз. Қарызы бар адамдардың саны мыңға жетті, ал салық берешегінің сомасы 60 млн теңгеден асып кетті. Егер салық төлеу туралы хабарлама алып, оны төлемегендер мүліктерінен айырылуы мүмкін», - деді Қостанай облысының жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшысы Несібелі Бәсенова.

***

С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры 8 қазанда жаңа маусымын ашады. Көрермен Төкен Ибрагимовтың пьесасы бойынша қойылған «Жас Абай» спектаклінің премьерасын тамашалай алады. Қойылым Абайдың 175 жылдығына орайластырылған. Спектакль ақынның балалық, жастық шағы және Абайдың Тоғжанмен махаббаты жайлы баяндайды. Режиссер Нұрлан Жұманиязовтың айтуынша, спектакль Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының бірінші томына және Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қодар мен Қамқа» поэмасына негізделген. Театр өкілдері хабарлағандай, жаңа маусымның ашылуы карантин шараларын сақтай отырып өтеді.

***

Нидерландта қауіпті індеттің таралуын тежеу мақсатында жаңа шектеулер енгізілді. Бұл шаралар үш аптаға созылады. Тәртіпке сай азаматтар мүмкіндігінше қашықтан жұмыс істеуге көшуі тиіс. Амстердам, Роттердам және Гаага қалаларында себепсіз үйден шығуға тыйым салынады. Адамдар дүкендерде бетперде тағып жүруі тиіс. Спорттық шараларды өткізуге шектеу қойылды. Нидерландта індет таралғалы 115 мың адам вирусты жұқтырған. Дерттен 6 мың науқас көз жұмды деп жазады 24 кз сайты.