Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алғысқа бөленген абзал жан

Алғысқа бөленген абзал жан

«Асыл туған адамның, алтын жетпес нарқы бар», – дейді дана халық. Жақсыны жатқа санамайтын қазақ, жаны жайсаң адамды асылдың сынығы, айдынның тұнығына балап жатады. Бұл қанымызға сіңген құнды қасиет. Бүгінде тәуекелге көңілі тоқ болса да тәубеге тоқтайтын тау мінез тұлғалар аз емес арамызда. Солардың бірі және бірегейі – Жасан Зекейұлы. 

Жалпы дәрігерлік – жауапты мамандық. Мұнда адам тағдыры тұрғандықтан еш қателесуге болмайды. Бұл ретте дәрігерлер үнемі білімін жетілдіріп, ізденіс үстінде болып, өз саласында ем жүргізудің барлық тәсілдерін жетік меңгеруі маңызды. Бұл ретте Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары атажұртына ат басын тіреп, Қазақстанның медицина саласында жемісті еңбек етіп, халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген медицина ғылымдарының докторы, "Жас-Ай" Халықаралық медицина орталығының бас директоры Жасан Зекейұлының өнегелі істері үлгі-өнеге.

Өткен сәрсенбі күні «Жас-Ай» медициналық, ғылыми-сараптамалық танымдық журналының 2 саны және жастар тәрбиесіндегі ұлттық рухты көтеруге бағытталған «Жасан Зекейұлының қанатты сөздері мен ғұламалардан жинаған ғибратты сөздер», сондай-ақ «Тәуелсіздік – тағдыр сыйы 2 том» кітаптарының тұсаукесері өтті.

Хабарды толығырақ аудионұсқадан  тыңдай аласыздар!

Хабарды дайындап жүргізген Алмас Байдрахман.