Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Айбын 2020» онлайн форматта өтіп жатыр

«Айбын 2020» онлайн форматта өтіп жатыр

Бірер сәттең соң Үкімет үйінде Үкімет отырысы басталады. Күн тәртібінде эпидемиологиялық жағдай, жылыту маусымына әзірлік, интернетке кеңжолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланады. Жиынды PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желідегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көруге болады.

***

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Алматы қаласының үкіметтік емес ұйымдарымен дәстүрлі кездесу өткізді. Онда Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалары мен Агенттік қызметінің негізгі нәтижелері таныстырылды, деп жазады Egemen.kz

«Біз осындай кездесулер барысында жиналған көптеген дүниелерді жан-жақты пысықтап, нақты басқару шешімдерін қабылдайтынымызды баршаңызға айтқым келеді. Ең бастысы, бірқатар қоғамдық бастамалар бойынша біз мемлекеттік аппаратта толық қолдауға ие болдық» деді Алик Шпекбаев.

***

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой азаматтық қоғам, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық қорлар мен Қазақстанның барлық өңіріндегі Денсаулық сақтау басқармаларының өкілдерімен орфандық ауруға шалдыққан балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі мәселелерді талқылады. «Біз өте маңызды мәселені қараудамыз. Бұл көптеген факторға байланысты жылдар бойы іске асырылмай келген проблема. Осы мәселеге ерекше көңіл аударғымыз келді, оны жүйелі шешу үшін кемшіліктерді немесе нормативтік проблемаларды қарауымыз тиіс», - деді ведомства басшысы. Диспансерлік науқастың электрондық тіркелімінің деректері бойынша, 25 қыркүйекте жасалған мәлімет бойынша орфандық аурулары бар 13 863 бала есепте тұр.

***

«Айбын 2020» әскери-патриоттық жастар жиыны онлайн форматта өтіп жатыр. Айтулы жарысқа 15 адамнан тұратын 39 команда қатысуда деп жазады 24 кз сайты. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі әскери мектептер мен клубардың командалары 30-шы қарашаға дейін өзара мықтыны анықтайды. Қарулы Күштер иммиджін арттыруға бағытталған шара биыл осымен алтыншы рет ұйымдастырылып отыр.

***

Таиланд коронавирус пандемиясына байланысты 26 наурызда енгізген төтенше жағдай режимін 31 қазанға дейін ұзартты. Мұндай шешім Таиланд премьер-министрдің төрағалығымен өткен коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі ұлттық орталықтың отырысында қабылданған. "Бұл төтенше жағдай режимінің осымен алтыншы рет ұзартылуы. Әлемдегі эпидемиялық жағдай әлі жақсарған жоқ. Қазірдің өзінде 33 миллионнан астам адам індет жұқтырды, миллион науқас қайтыс болды", - деді премьер-министр. Таиландта соңғы үш айда жергілікті тұрғындардан тек екі адам коронавирус жұқтырған. Ал қалғаны аталған елге шетелден келген жергілікті және шетелдік азаматтардан анықталған.