Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорытынды жаңалықтар 28.09.2020

Қорытынды жаңалықтар 28.09.2020

 Елбасы Түркістан қаласына барып, қалада жасалып жатқан жұмыстармен танысты. 

• Петропавлда инфекциялық аурухана салынып жатыр. 

• Қазақстанда көлік жолдарына датчиктер орнатылады.

• Ақмола облысында 113 мың үй құсына вакцина салынды.

• Құс тұмауы Жамбыл облысында да тіркелді. 

• Құс тұмауы жайлы нені білуіміз керек?

• Еуропалық Одақ елдерінің елшілері елордада ағаш отырғызады.


Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістандағы «Түркістан-Арена» стадионына барды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында жазды. «Елбасы бұдан кейін «Конгресс Холл» көп функционалды концерт залын аралап көрді. Мұнда концерттер, театрландырылған қойылымдар және басқа да іс-шаралар ұйымдастыруға болады. Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Түркістандағы халықаралық әуежайдың ашылу салтанатына да қатысты. «Қаладан 20 шақырым қашықтықта орналасқан әуежай заманауи технологияларды қолдана отырып, халықаралық стандарттарға сай салынған. 

*****

Солтүстік Қазақстан облысында коронавируспен күресті күшейту мақсатында бес оттегі стансасы және инфекциялық аурухана салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов құрылысы жүріп жатқан денсаулық сақтау саласы нысандарын аралап, жағдайды көрді. Әкім ауруханаларда төсек-орын саны, өкпені жасанды желдету аппараттары, оттегі концентраторларының артады. Таяуда 11 рентгендиагностикалық аппарат және 8 көшпелі медициналық кешен алынады», - дейді өңір басшысы. 

*****

Қазақстанда көлік жолдарына датчиктер орнатылуда. «ҚазжолҒЗИ» АҚ мен «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» бірлесіп, жол құрылымы мен оның топырақты табанының температурасы мен ылғалдылығы деңгейін анықтауға арналған датчиктерді орнату шараларына кірісті. Орнатылған арнайы датчиктер статистикалық мәліметтерді жинап, жол жабындысы сапасының өзгеруіне себеп болған жағдайларды анықтауға, жол құрылымының жағдайын толыққанды зерттеуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Петропавл – Қорған және Нұр-Сұлтан қаласының оңтүстік-батыс айналма жолы автомобиль жолдарының учаскелерін зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар алдағы уақытта мамандар Омбы – Майқапшағай, Құрты – Бурылбайтал және Ақтөбе – Атырау тасжолдарының учаскелерін зерттейді.

*****

Ақмола облысында 113 мың үй құсына вакцина салынды. Ветеринария басқармасы қызметкерлерің айтуынша, демалыс күндері құстардың қырылу дерегі тіркелмеген. Қазіргі таңда Жарқайың ауданындағы Шойындыкөл ауылында өртеу жұмыстары аяқталды. Енді арнайы топ құс тұмауы тіркелген басқа елді мекендерге барады. Өңірде 6 ауданда карантин жарияланған. Карантин Қарағанды облысының Нұра ауданына қарасты 3 бірдей ауылда да жарияланды. Бұл туралы облыстың ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясының жетекшісі мәлімдеді. Осыған дейін тек екі ауылда карантин енгізу жоспарланған. Мамандар көл-тоғандардың маңын зерттеген, нәтижесінде жабайы құстың өлімі тіркелмеген. Профилактикалық екпе тек Нұра ауданы ғана емес, Абай, Бұқар жырау және Осакаров ауданының құстарына да салынып жатыр.

*****

Құс тұмауы Жамбыл облысында да тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24». Індеттің ошағы Жуалы ауданындағы Қаратас ауылында анықталған. Қазір Күреңбел ауылдық округіне қарасты елді мекен карантинге жабылды. Құс тұмауына қарсы вакцина бөлініп екпе жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

*****

Қазақстандағы Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы еліміздің бірқатар облысында құс тұмауының таралуына байланысты тұтынушылар білуі тиіс негізгі фактілерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қауымдастық мәліметінше, ауру тек мекиен тауықтардың арасында ғана таралады. Бройлер құсының ауруға ұшырауы тіркелмеген. Демек, өнеркәсіптік өндірістің құс етін, сондай-ақ одан жасалған өнімдерді тұтыну халық үшін қауіп төндірмейді. «Жұмыртқа өнімдерінің қауіпсіздігіне келетін болсақ, індет жұмыртқа өндіру бағытындағы екі құс фабрикасында тіркелді. Қазіргі уақытта осы кәсіпорындардан өнімдерді жөнелту тоқтатылды. Әдетте құс тұмауының вирустары ауырған құстан адамға жұқпайды. Дегенмен, кейбір жоғары патогенді штамдар адамдарда ауыр тыныс алу ауруын тудыруы мүмкін. Жақсы қайнатылған немесе қуырылған құс ешқандай қауіп төндірмейді, дейді мамандар.

*****

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдау басталды, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты. Өтінімді 7 қазанға дейін zhilfond.kz сайтына жіберу керек. «Бағдарламаға тұрғын үй кезегінде тұрғандар және елордададағы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлері мен полиция және төтенше жағдайлар департаменттерінің қызметкерлері қатыса алады», – деп хабарлады елорданың Тұрғын үй қоры. Осы жолы 224 пәтерді жалға беру жоспарланған. Пәтер алушы ай сайын әр шаршы метріне 1455 теңге төлеуі керек. Ең көп жалдау мерзімі – 20 жыл. Ол аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді.  

*****

Еуропалық Одақ елдерінің елшілері елордада ағаш отырғызады. Іс-шара 30 қыркүйекке жоспарланған. Еуроодақ елдерінің елшілері мен өкілдері ЭКСПО аумағында Еуроодаққа мүше мемлекеттер санын білдіретін 27 көшет отырғызады. Мақсат - Нұр-Сұлтан қаласының «жасыл желегін» көбейту әрі Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Табиғатты аялау акциясы сағат 11-де өткізіледі.

*****

Биыл 8 айда елімізде бұрынғы КСРО төлқұжатымен жүрген 867 адам анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің бастығы, полиция полковнигі Сабыржан Сейтжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Еліміздің әр жерінде құжатсыз тұрып жатқан адамдар анықталып жатыр. Осыған орай министрдің тікелей тапсырмасымен арнайы акция ұйымдастырылып жатыр. Статистика қарасақ, 2019 жылы «қызыл төлқұжатпен» жүрген 1 727 адам Қазақстан құжатын алған. 

*****

Қазақстан құрама командасы 61-ші Халықаралық математикалық Олимпиадада үш күміс және екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жарысқа әлемнің 100-ден астам елінен жоғары сынып оқушылары қатысты. Қазақстандық команданың құрамында 6 адам болды. «Олимпиада прокторинг жүйесі арқылы өтті. Жарыс бүгін ресми түрде аяқталады. Қазақстанның командалық нәтижелері өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай жақсарған. 

*****

АҚШ-та Республикалық және демократиялық партияның президенттікке үміткерлері Дональд Трамп пен Джо Байден арасында пікірсайыс өтеді. Алғашқы дода қыркүйектің 29-ына белгіленген. Іс-шара Огайо штатындағы Кливлендте өтеді. Дебатта коронавирус және індетпен күрес, экономиалық жағдай, нәсілшілідік сынды 6 мәселе қарастырылады. Әр тақырып 15 минуттан талқыланып, сайыс 1 жарым сағатқа созылады. Ал Трамп пен Байден арасында екінші кездесу 15 қазанда Майами қаласында өтеді.