Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Индонезияда көшкін болды

Индонезияда көшкін болды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістандағы «Түркістан-Арена» стадионына барды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында жазды. «Елбасы бұдан кейін «Конгресс Холл» көп функционалды концерт залын аралап көрді. Мұнда концерттер, театрландырылған қойылымдар және басқа да іс-шаралар ұйымдастыруға болады. Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Түркістандағы халықаралық әуежайдың ашылу салтанатына да қатысты. «Қаладан 20 шақырым қашықтықта орналасқан әуежай заманауи технологияларды қолдана отырып, халықаралық стандарттарға сай салынған.

***

Шымкентте сыйақы алу мақсатында 600 миллионнан астам теңгеге жалған шот-фактуралар жасаған қылмыстық топ ұсталды. Қалалық Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шарасы нәтижесінде олардың іс жүзінде жұмыстарды орындамай, аса ірі көлемде шот-фактура жазумен айналысқаны анықталды. Алдын ала келісіп алған 4 азамат 615 млн теңгеге жалған шот-фактураларды жазу үшін 40 млн теңгені сыйақы ретінде алмақ болған. Шымкент қаласы Абай аудандық сотының үкімімен айыпталушылар 3 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

***

Индонезияның Солтүстік Калимантан провинциясындағы Таракан қаласында көшкін болып, 10 адам көз жұмды. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі жергілікті билік өкіліне сілтеме жасап хабарлады. Мәліметтер бойынша көшкін нөсер жауынның салдарынан болған. Қазір оқиға орнында іздеу-құтқару операциясы жүріп жатыр.

***

Қазан айының басында оңтүстік өңірлерде үсік жүреді. «Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райын солтүстік-батыс антициклоны анықтайды. Оның келуімен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің солтүстік-шығыс бөлігіне ғана циклон әсер етеді, осыған байланысты кей жерлерде жауын-шашын болады», - делінген хабарламада. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, жел күшейеді, оңтүстікте үсік жүруі мүмкін, делінген синоптиктер болжамында.

***

Кеше А сериясының 2-турында «Ювентус» пен «Рома» 2:2 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz. Рим клубы пенальтиден матч есебін ашты, Джордан Верету дәл соққы жасады. Бірінші таймның соңында Криштиану Роналду да пенальти орындап, есепті теңестірген. Көп ұзамай Верету дубль жасады. Ал екінші таймда Роналду есепті теңестірді. Айта кетейік, осы дубльдің арқасында португалиялық футболшы Еуропаның топ-5 лигасында 450-ші голын соқты. Ол мұндай нәтижеге жеткен алғашқы футболшы атанды. Роналду 311 голын мадридтік «Реалда», 84-ін «Манчестер Юнайтедте» және 55-ін «Ювентус» сапында соққан.