Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мәулен Әшімбаев: Ұрпаққа өшпес өсиет қалдырған сөз зергерлерінің мұрасын дәріптеу – бізге міндет

Мәулен Әшімбаев: Ұрпаққа өшпес өсиет қалдырған сөз зергерлерінің мұрасын дәріптеу – бізге міндет

Қайталанбас туындыларымен ұлттың жоғын түгендеген және ұрпаққа өшпес өсиет қалдырған сөз зергерлерінің мұрасын дәріптеу – бізге міндет.⁣⁣ ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев осындай пікір білдірді.

"Бүгін қазақ әдебиеті күні десек, артық бола қоймас. Өйткені 28 қыркүйек – әдебиетіміздің үш бірдей алыбы Мұхтар Әуезовтің, Шерхан Мұртазаның және Оралхан Бөкейдің туған күндері. Қайталанбас туындыларымен ұлттың жоғын түгендеген және ұрпаққа өшпес өсиет қалдырған сөз зергерлерінің мұрасын дәріптеу – бізге міндет.⁣⁣⠀

Осы ретте қазақтың әр баласы Әуезовті, Шерағаңды және «Алтайдың Кербұғысы» атанған Оралханды міндетті түрде оқу керек дер едім. Сол арқылы біз Абайды танимыз және сөздің құдіретін зерделеуге, ұлттық болмысымыздың сән-салтанатына зер салуға мүмкіндік аламыз. Ең бастысы, өркениеттің шыңына жетелейтін кітап оқу деген қағиданың қадір-қасиетін түсінеміз.⁣⁣⠀

Заңғар жазушыларымыздың жатқан жерлері жарық, топырақтары торқа болсын!",- деп жазды Сенат төрағасы Facebook парақшасында.