Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Құс тұмауына байланысты 18 ауыл карантинге жабылды

Құс тұмауына байланысты 18 ауыл карантинге жабылды

Қазақстанда осы кезде 3 314 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook парақшасы. Мәліметтерге қарағанда, олардың арасында 46 сәби бар. Стационарларда 1 827 науқас жатыр, 1 487 адам амбулаториялық жағдайда ем алуда. Жалпы науқастардың арасында 94 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 15 науқастың халі аса ауыр деп бағаланып отыр. 23 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. 

***

Сонымен қатар, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 38 жағдайы тіркелді. Індеттен 1 науқас қайтыс болып, 21 адам жазылып шықты. Биылғы жылдың 1 тамызынан бастап, коронавирустық пневмониямен науқастанғандар саны 32490 жетті. Сондай-ақ 350 адам қайтыс болып, 27057 адам емделіп, үйлеріне шығарылды. 

***

Карантин шектеулеріне қарамастан ең көп той өткізген өңірлер белгілі болды. ҚазАқпарат агенттігінің ресми сауалына жауап берген Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап осы уақытқа дейін карантин кезіндегі тыйымға қарамастан той, еске алу шараларын өткізу бойынша 1110 құқық бұзушылық тіркелгенін хабарлады. Бұл ретте Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарында той жиын қткізу тыйылмай тұр,-дейді министрлік өкілдері.

***

Солтүстік Қазақстанда құс тұмауына байланысты 18 ауыл карантинге жабылды. Індетпен күресу үшін арнайы іс-шаралар жоспары бекітiліп, жедел штаб жұмыс істейді. Бүгінгі күнге дейін өңірде 184 мыңнан астам қанатты қырылып қалған. Оның 15 мыңға жуығы үй құсы. Ал, қалғаны Бескөл құс фабрикасына тиесілі. Құстардың қырылу фактісі 40 елді мекенде тіркелді. 18 ауыл карантинге жабылды. Тағы 11-іне қатысты қаулы дайындалып жатыр. Індет анықталған елді мекендерден 20-25 шақырым аумақтағы үй құстарына екпе салынуда. Осы күнге дейін 144 мыңнан астам құс вакцинацияланды. 

***

Шымкентте 600 млн теңгеден астам сомаға жалған шот-фактуралар жасағандар сотталды. ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шарасы нәтижесінде қала аумағында бір топ азаматтың алдын ала сөз байласып, аса ірі көлемде іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей шот-фактура жазумен айналысқаны анықталған. Алдын ала сөз байласқан 4 азамат 615 млн теңгені құрайтын жалған шот-фактураларды жазу үшін 40 млн теңге, яғни жалпы соманың 6,5% сыйақы ретінде алу үстінде ұсталды. Шымкент қаласы Абай аудандық сотының үкімімен айыпталушылар кінәлі деп танылып, оларға 3 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.