Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Набат операциясы» фильмінің тұсаукесері өтті

«Набат операциясы» фильмінің тұсаукесері өтті

«Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы «Набат операциясы» драмалық экшн-фильмін ұсынды.

Фильмді режиссер Рашид Сүлейменов түсірген. Картина шынайы оқиғаға негізделген және 1992 жылы жасалған арнайы операция туралы баяндалады. Түрмеден қашқан тұтқындар автобус жолаушыларын кепілге алып, оларды қазақстандық құқық қорғау органы қызметкерлері құтқарады.

Көрсетілімге мемлекеттік органдар, киноиндустрия өкілдері және басты рөлдерді сомдаған актерлер қатысты.